15.12.2025, 18:00

Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда жүр (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақтың қос батыры.

Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда бірге жүрген видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бокс аңызы Геннадий Головкин мен ережесіз жекпе-жектің жұлдызы Шавкат Рахмонов Көкшетау қаласында жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

«Қазақтың Шавкаты өңірімізге қош келдіңіз», — делінген видео мазмұнында.

Айтулы шарада еліміздің бас прокуроры Берік Асылов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев сондай-ақ, басқа да шенділер бой көрсетті.