05.12.2025, 19:00

«Бокста өз мұрамды қалдырғаныма қуанамын»: Генадий Головкин мәлімдеме жасады

Фото: sports.kz

"Мансабымдағы соңғы мозаиканың бөлшегі". 

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бокстың Халықаралық даңқ залына (IBHOF) енгізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кеше GGG-дің 2026 жылғы класс құрамында бірінші дауыс беруде-ақ Даңқ залына өткендігі белгілі болды. Онымен бірге «Заманауи боксшылар (ерлер)» санатында Антонио Тарвер мен Найджел Бенн де енгізілді. Халықаралық даңқ залына ресми қабылдау рәсімі келесі жылдың жазында өтеді.

«Бұл – боксшы үшін ең үлкен құрмет және мансабымдағы соңғы мозаиканың бөлшегі. Бокста өз мұрамды қалдырғаныма мақтанамын», — деп Головкиннің сөзін ESPN келтіреді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин қазіргі таңда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің және World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады.