01.12.2025, 23:30

Қазақстандық балуан басқа спорт түріне ауысып бәрін таңқалдырды

Фото: ҰОК

130 келі салмақта белдескен Ерғали жаңа стильдегі дебютінде-ақ финалға дейін жетті.

1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары бозкілемге шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыстың алғашқы күнінде күтпеген оқиға болды. Еркін күрестен елге танымал балуан, екі мәрте Олимпиада қатысушысы Әлішер Ерғали грек-рим күресіне ауысып, сенсация жасады.

130 келі салмақта белдескен Ерғали жаңа стильдегі дебютінде-ақ финалға дейін жетті. Жартылай финалда ол осы салмақтағы ұлттық құраманың көшбасшысы Әлімхан Сыздықовпен кездесіп, 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

Ертең финалда Әлішер Ерғали шымкенттік Жохар Узаровпен күш сынасады.

Әлішер Ерғалидің жетістігі:

Туған күні: 1999 жылдың 12 сәуірі Туған жері: Жамбыл облысы Негізгі жетістіктері: Кадеттер арасында Азия чемпионатының финалисті (2016, 100 кг) Жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018, 92 кг) Жастар әлем чемпионатының финалисті (2018, 92 кг) Екі дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019, 2020 — 97 кг) Екі мәрте Азия чемпионатының финалисті (2021 — 97 кг, 2022 — 125 кг) U-23 жасқа дейінгі Азия чемпионы (2022, 125 кг) U-23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022, 125 кг) Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екі Олимпиада ойындарының қатысушысы (2021, 2024 – 97 кг, 7-орын) 2023 жылғы Азия ойындарында 5-орын (97 кг)