$ 513.45  596.99  6.59

Қазақстандық балуан басқа спорт түріне ауысып бәрін таңқалдырды

130 келі салмақта белдескен Ерғали жаңа стильдегі дебютінде-ақ финалға дейін жетті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары бозкілемге шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыстың алғашқы күнінде күтпеген оқиға болды. Еркін күрестен елге танымал балуан, екі мәрте Олимпиада қатысушысы Әлішер Ерғали грек-рим күресіне ауысып, сенсация жасады.

130 келі салмақта белдескен Ерғали жаңа стильдегі дебютінде-ақ финалға дейін жетті. Жартылай финалда ол осы салмақтағы ұлттық құраманың көшбасшысы Әлімхан Сыздықовпен кездесіп, 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

Ертең финалда Әлішер Ерғали шымкенттік Жохар Узаровпен күш сынасады.

Әлішер Ерғалидің жетістігі:

  • Туған күні: 1999 жылдың 12 сәуірі
  • Туған жері: Жамбыл облысы
  • Негізгі жетістіктері:
    • Кадеттер арасында Азия чемпионатының финалисті (2016, 100 кг)
    • Жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018, 92 кг)
    • Жастар әлем чемпионатының финалисті (2018, 92 кг)
    • Екі дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019, 2020 — 97 кг)
    • Екі мәрте Азия чемпионатының финалисті (2021 — 97 кг, 2022 — 125 кг)
    • U-23 жасқа дейінгі Азия чемпионы (2022, 125 кг)
    • U-23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022, 125 кг)
    • Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
    • Екі Олимпиада ойындарының қатысушысы (2021, 2024 – 97 кг, 7-орын)
    • 2023 жылғы Азия ойындарында 5-орын (97 кг)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары