01.12.2025, 15:20

Жәнібек Әлімханұлы маңызды үндеу жасады

Фото: Olympic.kz

Әлеуметтік желідегі жазбасында әлем чемпионы жастарды ставкалар қоюдан аулақ болуға үндеді. 

Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақ жастарына маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) өтетін Эрисланди Ларамен айқас алдында боксшы отандастарын құмар ойындарға әуестенбеуге шақырды.

Әлеуметтік желідегі жазбасында әлем чемпионы жастарды ставкалар қоюдан аулақ болуға үндеді:

«Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!», – деп жазды Әлімханұлы.

Бұл жекпе-жек орта салмақтағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ. Айқаста үш чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA – қатар бәске тігіледі.