29.11.2025, 17:30

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы үздік ойыншылар тізіміне енді

Фото: Қайрат ФК

«Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік ойыншылар қатарына кірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

SofaScore платформасы қазақстандық қақпашыға ең жоғары баға берген - 10.0.

Жарияланған тізім бойынша топ-7 ойыншының қатарына мыналар енген:

- Фермин Лопес («Барселона»); - Темірлан Анарбеков («Қайрат»); - Йенс Петтер Хауге («Галатасарай»); - Марк Флеккен («Байер 04»); - Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»); - Гульельмо Викарио («Тоттенхэм»); - Фил Фоден («Манчестер Сити»).

Еске сала кетейік, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өткен (0:0) матчтан соң мүмкін болған 10.0 ұпайды алған еді.