29.11.2025, 15:30

Зарина Диас әлемдік беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: Зарина Диастың жеке парақшасынан

Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 283-ракеткасы Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты.

Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.

Осылайша, З.Дияс 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды. 

Зарина Дияс спорттық жолында Мельбурнде 2014, 2015, 2020 және 2021 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді.