$ 518.4  598.13  6.55

«Қайраттың» бас бапкері бүгінгі матчқа қатысты пікір білдірді

Чемпиондар лигасының кестесінде “Копенгаген" 33-орында тұрса, “Қайрат” одан бір саты төмен 34-орынға жайғасқан.

Фото: Craig Williamson - SNS Group / Getty Images
Фото: Craig Williamson - SNS Group / Getty Images

Алматылық “Қайрат” футбол клубы 26 қараша яғни бүгін Чемпиондар лигасының 5-турында сырт алаңда “Копенгагенге қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Матчтың алдында Рафеэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында ойынға сақадай-сай екенін, көп уақыт тынығып дайындалуға да уақыт жеткілікті болғанын атап өтті.

"Барлығымыз да ойынға қатты асығып, тағатсыздана күтіп отырмыз. Демалудан да шаршадық, ал тынығып, сабырлы түрде дайындалуға уақыт жеткілікті болды. Енді матчты ерекше күтіп тұрмыз және жақсы нәтиже көрсете аламыз деп үміттенеміз. Өткен аптада халықаралық матчтарға қатысқан бірнеше ойыншымыз да демалысын алып, қайта қалыпқа келді.” – деді Уразбахтин.

Айта кетейік, бұл матч қоса құрама үшін де тартысқа толы әрі маңызды матч болмақ.

Чемпиондар лигасының кестесінде “Копенгаген" 33-орында тұрса, “Қайрат” одан бір саты төмен 34-орынға жайғасқан. “Қайрат” жеңіске жеткен жағдайда 3 ұпайға ие болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары