Желі қолданушылары спортшының бұл әрекетін жылы қабылдап түрлі пікір жазды.
Желіде танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың Асу Алмабаевқа қолдау көрсеткен видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Шавкат Рахмоновтың Асу бауырын қолдап жатқан сәті", делінген видео жазбасында.
Желі қолданушылары спортшының бұл әрекетін жылы қабылдап түрлі пікір жазды.
"Шавкат, сенің қолдауың керек қой", "Хабибтің командасы дегендей Шавкаттың командасы болуы керек", "Жарайсыңдар", "Шавкаттың айқайлап тұрғаны да пайда", "Қазақтың қос батыры, аман болыңдар", деді олар.
Айта кетейік, Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22-3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде сенімді түрде жеңіске жеткен еді.
Алмабаев аса жеңіл салмақта америкалық Алекс Переспен (25-9) жекпе-жек өткізіп, үш раундқа жоспарланған айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Үшінші раундта қазақстандық жауынгер қарсыласын қылғындыру әдісімен (submission) жеңді.