26.11.2025, 00:30

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

Фото: sports.kz

Бокс кеші осы арналарда таңғы 6:00-де басталады.

Қазірге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен қолғап түйістіретіні белгілі. Осы жекпе-жекті қашан және қайдан көруге болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үшінші әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Qazaqstan және Qazsport телеарналары Алимханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші осы арналарда таңғы 6:00-де басталады.