Ол алжирлік боксшы Иман Хелифті гендерлік тестілеуден өтуге шақырды.
Әйтпесе, спортшы World Boxing ұйымның жарыстарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Геннадий Головкин BBC-ге берген сұхбатында айтқан.
– Бұл жағдай гендерге қатысты олқылықтардың, түсінбеушіліктер мен қателіктердің болғанын көрсетті. Оны міндетті түрде түзету қажет. Біз әділ спортты қолдаймыз: ерлер ерлермен, әйелдер әйелдермен жұдырықтасуы керек. Сол себепті, гендерлік тестілеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, – деді World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы.
Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Иман Хелифті гендерлік тестілеуден өте алмағаны үшін 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттеткен еді. Осыдан соң Хелифті трансгендер деп атап, боксшыдан күдіктенгендер көп болды. Бірақ, Халықаралық олимпиада комитеті алжирлік спортшыға Париж ойындарына қатысуға рұқсат берді, ол жеңімпаз да атанып та үлгерді.
Негізінен, Хелиф те, оның ата-анасы да көпшіліктің айыбына келіспейді. Бейресми деректер оның хромосомалық ауытқушылығы бар генетикалық ерекшелікпен дүниеге келгенін алға тартады.