Ұлттық құрама 20–23 қараша аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.
Талғат Жайлауов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық құрама 20–23 қараша аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.
Сонымен қатар жаттықтырушылар штабына «Номад» бас бапкері Константин Пушкарёв, «Торпедо» бас бапкері Андрей Корабейников және «Номад» қақпашылар маманы Александр Кудрявцев қосылды.
Талғат Жайлауов қазір «Барыс» командасының жаттықтырушылар штабында қызмет етеді, мұнда ол бұған дейін де 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін жұмыс істеген. 2024 жылғы Олимпиадалық іріктеу турнирінде, 2025 жылғы Азия чемпионатында, сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі болды. Хоккейші ретінде жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамалар сапында өнер көрсетті. Ересектер құрамасында 2006 жылы дебют жасап, 9 әлем чемпионатына, үш олимпиадалық іріктеу турниріне және 2007, 2011 жылдардағы Азия ойындарына қатысты. IIHF аясында 59 ресми матч өткізген. Әр жылдары өзі түлеп ұшқан клубы «Қазцинк-Торпедо», «Барыс» және «Номад» командаларында ойнады. Ойыншы ретіндегі мансабын 2020 жылы Қарағандының «Сарыарқа» клубында аяқтады.
Барлық бапкерлер – Өскемен хоккей мектебінің түлектері. Бұл – ұлттық құраманың тарихындағы ең жас жаттықтырушылар штабы, орташа жасы 40-тан төмен.