$ 522.19  606.42  6.47

«Бүгін футболшылар барын да, жанын да салулары қажет»: Спорт журналисі Бельгияға қарсы матч туралы

Журналист бүгінгі ойында ұпай алуға болатынын айтты. 

Фото: kazhenov.aslan инстаграм парақшасынан
Фото: kazhenov.aslan инстаграм парақшасынан

Спорт журналисі Аслан Қаженов бүгінгі өтетін Қазақстан-Бельгия матчына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист бүгінгі ойында ұпай алуға болатынын айтты. 

"Бүгін өте маңызды матч. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Бельгия құрамалары кездеседі. Отыз мың билет түгел сатылды. Сәйкесінше, «Астана Аренада» ине шаншар орын болмайды деген сөз. Иә, қандай нәтиже тіркелсе де әлем чемпионатына шыға алмайтынымыз анық. Десе де, ұпай алуымыз қажет. Бұл бірте-бірте бір жолға түсіп келе жатқан жүйе мен қалыптастып келе жатқан командамыз үшін өте өзекті. Оның үстіне, өзіміздің маман Талғат Байсуфиновтың еңбегі мен ниеті ақталса дейсің. Осы бапкер ары қарай да жұмысын жалғастырса дейсің. Ішінен байқап жүрміз ғой. Ұлттық құрамадағы жігіттердің де тілегі осы. Сондықтан, бүгін алаң да барын да, жанын да салулары қажет. Қарсыластың мықты екені түсінікті. Соған қарамастан, сенсациялық жеңіс, яки, күтпеген нәтиже болады деп үміттенеміз. Сәттілік!", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары