06.11.2025, 18:40

Шетелдік автор Жәнібек Әлімханұлына күмән келтірді

Фото: Sports.kz

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда АҚШ-та кубалық Эрисланди Ларамен үш бірдей чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA титулдары үшін жұдырықтасады.

АҚШ-тағы Boxing247.com сайтының тұрақты авторларының бірі Эдди Пронишев қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жек алдындағы мәлімдемесіне назар аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда АҚШ-та кубалық Эрисланди Ларамен үш бірдей чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA титулдары үшін жұдырықтасады.

БАҚ өкілдерімен өткен онлайн-кездесуде «Қазақ стилі» деген лақап атпен танылған боксшы алдағы кездесу өзін үшін қиынға соқпайтынын айтты. Оның айтуынша, ол қарсыласының барлық күшті және әлсіз тұстарын егжей-тегжейлі зерттеп шыққан.

«Жәнібектің табиғи мінезі – өзіне сенімді болу және қарсыластары туралы жоғарыдан сөйлеу. Сондықтан оның Лараны да жеңетініне сенімді болуы таңқаларлық емес. Дегенмен, оның 48 жеңіс пен 9 жеңілістен тұратын әуесқой рекорды бар екенін еске салу керек — Жәнібек талай мәрте ұтылған, соның ішінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ширек финалында әзербайжандық Камран Шахсуварлыдан жеңілді», – деп жазды автор.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Бұл айқаста орта салмақтағы WBO, IBF және WBA чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.