06.11.2025, 10:40

«Талағыңды бер де, өміріне араласпа!»: Боксшы Махмұд Сабырханның бірінші әйелімен не себепті ажырасқаны белгілі болды

Фото: turkystan.kz

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялап, ажырасуға Назымның өзі себеп болғанын мәлімдеді.

Белгілі боксшы Махмұд Сабырханның екінші әйелі спортшының бұрынғы жары Назыммен не үшін ажырасқанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялап, ажырасуға Назымның өзі себеп болғанын мәлімдеді.

«Махмұд отбасын құрып, ажырасамын деп ойлаған жоқ. Маған бәрін ашық айтты. Назымның өзі кеткісі келген. Махмұд түсіндіруге тырысқанымен, ол тыңдамаған. Тіпті, Махмұд Назымның әкесіне де: “Қызыңыз кетемін деп жатыр, қой демейсіз бе?” — деп айтқан екен. Соңында папасы осылай жазып жіберіпті», — дейді ол.

Боксшының екінші әйелі бөліскен скриншотта Назымның әкесі күйеу баласынан талақ айтуын сұраған хабарлама бар.

«Болды, талағыңды бер де, өміріне араласпа», — деп жазылған онда.

Тегтер: бокс боксшы