$ 528.31  608.35  6.55

«Мынадан кейін қалай жер басып жүруге болады»: қақпашы Темірлан Анарбеков танымал әзілкешке шүйлікті

Естеріңізге сала кетсек, Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды.

Фото: Қайрат футбол клубы
Фото: Қайрат футбол клубы

Әлеуметтік желіде блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау туындады. Танымал блогерлер оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан әдепсіз, қорлайтын сөздеріне наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал әзілкештің "Главное қыздығыңды мен алдым ғой" деп жазған жазбасына танымал қақпашы Темірлан Анарбеков былай деп пікір қалдырды: 

"Мына тақырып жайлы айтпай өтсең болмайтын сияқты. Недеген надандықтың төмендігі, қалай жер басып жүруге болады мыдан кейін", деп жазды әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетсек, Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды. Скриншоттарда ол әйелін "бастысы қыздығыңды мен алғанмын", "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 46
Күлкілі 3
Ашулы 26

Серіктес жаңалықтары