$ 538.13  624.88  6.64

Блогер Мерей Абилованың күйеуі Димаш Қашкен хейттен кейін ұлттық құрамаға шақырылмады

Кеңейтілген тізімде аты жоқ. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін ойындарға шақыртылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл жолы құрамаға 38 ойыншы шақырту алған. Кеңейтілген тізімде әлеуметтік желіде сынға ұшыраған блогер Мерей Абилованың күйеуі, “Жетісу” клубының шабуылшысы Димаш Қашкеннің аты жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қашкеннің ұлттық құрамаға шақырту алғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді. Көптеген жанкүйерлер оның құрамда ойнауына қарсы пікір білдірген. Себебі ҚПЛ аясында өткен “Қайрат” пен “Жетісу” арасындағы матчта оның ойыны көпшіліктің көңілінен шықпаған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары