Дусматов алдағы уақытта 55 келі салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін, сондықтан олардың жекпе-жегі көрермендер үшін өте тартысты болмақ.
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2028 жылғы Олимпиада ойындарында өзбекстандық екі дүркін чемпион Хасанбой Дусматовпен рингте кездесу мүмкіндігіне ие болуы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы бапкер Ільяс Оралбеков «Күнгей.kz» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Оралбековтің сөзінше, Дусматов алдағы уақытта 55 келі салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін, сондықтан олардың жекпе-жегі көрермендер үшін өте тартысты болмақ.
«Олар бойы мен дене бітімі жағынан шамалас. Тек Махмұд жас, бірақ бұл жерде жас айырмашылық маңызды емес. Дусматов — тәжірибелі, мықты қарсылас. Ол екі дүркін Олимпиада чемпионы, Баркера кубогының иегері және әлем чемпионы атанған», — деді ол.
Бапкердің айтуынша, егер осындай кездесу өтсе, Махмұдтың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары:
«Бұл жерде бәрін жас емес, рингтегі жұмыс көлемі мен тактика шешеді. Махмұд өте жылдам, соққылары әртүрлі бағыттан келеді — жоғарыдан, төменнен, қапталдан. Ал Дусматов көбіне жанынан ұруға сүйенеді. Махмұд қажет болса қорғана алады, шабуылға да шыға алады. Егер сабыр сақтап, өз боксын көрсете білсе, жеңіс біздің жақта болады», — деді Оралбеков.
Айта кетсек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 51 келі салмақ дәрежесінде Хасанбой Дусматов қазақстандық Сәкен Бибосыновты төрешілер шешімімен жеңіп, Қазақстан құрамасын жүлдесіз қалдырған еді.