Ол Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындардан жарақатына байланысты шет қалды.
«Қайрат» командасының футболшысы Дастан Сәтпаев Қатарға қосымша қаралуға аттанады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Бүгін түнде ол дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, осындай себептерге байланысты ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындардан жарақатына байланысты шет қалды.