11.10.2025, 04:30

«Алғашқы сыйлығымды алдым»: Сабина Алтынбекова қымбат көліктің иесі атанды

Фото: @altynbekova_20

Волейболшы сыйлықты кімнен алғанын ашпады, бұл жанкүйерлер арасында қызығушылық туғызды.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында туған күніне арналған ерекше сыйлығын көрсетіп, желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

28 жастағы спортшының туған күні қарашада өтсе де, ол екі апта бұрын өзіне жаңа автокөлік сыйланғанын жариялады.

«Туған күнім әлі бір айдан кейін, бірақ мен өзімнің алғашқы сыйлығымды алдым. Мүмкін, менде болған ең ыңғайлы көлік осы шығар. Рахмет!» — деп жазды Сабина.

Волейболшы сыйлықты кімнен алғанын ашпады, бұл жанкүйерлер арасында қызығушылық туғызды.