Жанкүйерлердің бірі спортшыдан болашақта депутат болғысы келе ме деп сұрады.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, ел тарихындағы ең танымал боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанкүйерлердің бірі спортшыдан болашақта депутат болғысы келе ме деп сұрады.
«Болашақта депутат боламын ба деген сұраққа айтарым – мен өз болашағымды спортпен байланыстырамын. Себебі мен спортты шын жүрегіммен жақсы көремін, ол – өмірімнің ажырамас бөлігі. Мен әрдайым жақсы білетін және жүрегіммен түсінетін іспен айналысқым келеді. Мен үшін саясаттан гөрі еңбегіммен, табандылығыммен және тәрбиеммен үлгі болу маңызды. Сондықтан өз саламда дамып, қоғамға пайдасы тиетін нағыз кәсіби маман болғым келеді», – деп жазды ол Instagram парақшасында.