Қазақстан құрамасы қазан айында екі маңызды кездесу өткізеді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы іріктеу ойындары алдында кадрлық шығынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды.
Белгілі болғандай, жас форвард шап жарақатына байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеген. Осылайша ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қазан айындағы матчтарды өткізіп алады.
Сәтпаев соңғы рет 5 қазанда Премьер-лигадағы кейінге қалған ойында "Жетісуға" қарсы толық 90 минут ойнап шыққан болатын. Кездесу "Қайраттың" ірі жеңісімен — 5:0 есебімен аяқталды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы қазан айында екі маңызды кездесу өткізеді: 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды.