06.10.2025, 02:30

«Бөліп-жару дұрыс емес, бәріне беріңіздер»: «Қайраттың» бас бапкері кәсіпкерлерге үндеу жасады

Фото: коллаж Sn.kz

Бұл спорттың командалық түрі.

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихаты кезінде футболшыларға қымбат сыйлық жасауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойыншыларға мұндай қымбат сыйлық беруге қатысты ойын айтты. Маман футболшылардың бөліп жару дұрыс емес екенін жеткізді.

"Кәсіпкерлерге мұндай сыйлықтарды беруге тыйым сала алмаймыз. Алайда ойыншыларды бөліп жару дұрыс емес. Бұл спорттың командалық түрі. Көмектескің келсе, клубқа көмектесу керек деп ойлаймын. Сыйлық бергіңіз келе ме? Бәріне беріңіз. Алайда мұндай сыйлық бергісі келетіндерге үйретуге қақым жоқ.

Алайда командалық жұмыс тұрғысынан біреуді бөліп жару дұрыс емес. Біздің клубтың саясаты осындай. Мен де соны ұстанамын. Кәсіпкерлер өз пайдасын да ойлайтын шығар. Олардың ойында не бар екенін айта алмаймын", - деді Уразбахтин.