02.10.2025, 23:30

Минут сайын тіркелуде: Шерхан Қалмұрзаның оқырмандары рекордтық көрсеткішпен көбейіп жатыр

Фото: "Қайрат" футбол клубы

Дәл қазір оның оқырмандары 320 мыңға жетіп отыр. 

15 күн бұрын ғана "Қайрат" қақпашысының инстаграм парақшасында небәрі 10 мың оқырман бар еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәл қазір оның оқырмандары 320 мыңға жетіп отыр. 

"Спортингпен" ойындағы сейвтері мен 11 метрлік айып добын қайтаруы Шерхан Қалмырзаның болашағына жол ашты. Ал 30 қыркүйектегі азуын айға білеген "Реал Мадридпен" өткен матчтан соң оған 17 миллион жазылушысы бар қақпашы Тибо Куртуаның өзі жейдесін табыстап, бірге түскен фотосын жария етті. Мұнан Шерхан Қалмырзаның танымалдығы одан сайын арта түсті деуге болады. Ол әлеуметтік желіде көпшілікке алғыс айтып, жазба да жариялады.

 "Жанкүйерлеріме көп рақмет! – деді 18 жастағы қазақ қақпашысы тарихи ойыннан түсірілген суреттерді жүктеп.