Федерация президенті “Уәде” бағдарламсына берген сұхбатында боксты мектеп бағдарламасына енгізуді қарастырып жатқанын айтты.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ауыл-аймақтардағы бокс мектептерінің жетіспеушілік мәселесін шешу жолдарын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Федерация президенті “Уәде” бағдарламсына берген сұхбатында боксты мектеп бағдарламасына енгізуді қарастырып жатқанын айтты.
”Ауыл-аймақтарда бокс мектептерінің тапшылығы байқалады. Ол мәселенің шешімін ақылдасып жатырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда 8000-нан астам мектеп бар екен. Сол мектеп бағдарламасының ішіне боксты енгізу туралы ұсынысты дайындап жатырмыз. Боксты бұқаралық спорт ретінде қарайтын болсақ, көп қаражатты қажет етпейді. Жабдықтарды есептегенде үлкен ақша емес. Егер 8000 мектепті қамтамасыз ете алсақ, мектеп бағдарламасына енгізсек бұл сұрақ өз шешімін табады деген ойдамын”, — дейді ол.
Сондай-ақ, Шахмұрат Мүтәліп журналистің “Бокс артта қалған елдердің спорты ма?” деген сұрағына да жауап берді.
”Әр кімнің өз ойы болады. Мен олай ойламаймын. Өйткені, нәтиже көрсетіп жатқан мемлекеттерді алатын болсақ, дамығана АҚШ-тан да, Англиядан да шығып жатыр. Қай ел қандай спорт түріне басымдық танытады соған байланысты деп ойлаймын. Мысалы, Қытайда әртүрлі спорт түрінен олимпида чемпиондары өте көп. Бірақ, боксқа келген кезде ерлер құрамасынан чемпиондар шыға бермейді. Ал қыздар құрамасы әр жарыста алдыңғы қатардан көрінеді. Былтырғы Париж олимпиадасында 5 салмақ болса, соның үшеуін қытайлық боксшылар алып кетті. Сондықтан бұл — ескірген пікір. Қалай жағдай жасалды, әр спортшы қалай еңбектенеді, соған байланысты нәтиже көреді. Ол артта қалған немесе алға кеткен спорты деп айту — дұрыс емес пікір”, — дейді ол.