Бұл жетістік франциялық ойыншының есімін клуб тарихында қалдырды.
Мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық “Қайраттың” қақпасына хет-трик жасап, нағыз шоу көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жетістік франциялық ойыншының есімін клуб тарихында қалдырды. Мбаппе бір маусымдағы турнирде “корольдік клубтың” алғашқы үш голын соққан тұңғыш футболшы атанды.
2025/26 маусымын Мбаппе тамаша бастады. “Реал” сапында тоғыз ойында 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Чемпиондар лигасында Килиан бомбардирлер жарысында бес голмен көш бастап тұр. Ең жақын қарсыластары – “Бавариядан” Харри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ “Айнтрахттан” Жонатан Буркард.