02.10.2025, 11:00

«Бұл – тарих!»: Геннадий Головкин даңқ залына ұсынылды

Фото: ҰОК

Халықаралық ұйым 2026 жылы даңқ залына енгізілетін спортшыларды анықтау үшін бюллетеньдерді таратты.

Қазақстандық бокс аңызы Геннадий «GGG» Головкин Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) енуге ресми түрде кандидат болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халықаралық ұйым 2026 жылы даңқ залына енгізілетін спортшыларды анықтау үшін бюллетеньдерді таратты.

 Ерлер санатында тізімге алғаш рет бірнеше атақты спортшы кірді:

Орта салмақта көп жылдық чемпион — Геннадий Головкин;

Екі салмақта әлем чемпионы атанған америкалық Вернон Форрест;

Ирландиялық бокс аңызы Стив Коллинз.

Әйелдер санатында үміткерлер қатарында:

Бес дүркін әлем чемпионы, жапондық Наоко Фудзёка;

Суперорта және орта салмақта ұзақ жылдар бойы белбеулерді сақтап келген неміс боксшысы Кристина Хаммер;

Мексикалық бокс пионері Джеки Нава.

Ұйымның мәліметінше, дәстүрге сай қорытынды тізім желтоқсан айында жарияланады. Осы уақытқа дейін спорт жанкүйерлері мен сарапшылар арасында қызу талқылау мен болжамдар жалғаспақ.

Даңқ залына енгізілетін спортшыларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі Бокс журналистері қауымдастығының мүшелері мен тарихшылар дауыс беру арқылы анықтайды.