$ 549.15  643.88  6.71

Дастан Сәтпаев «Реалға» қарсы ойындағы өкінішін айтты

Бұл ойында физикалық дайындық та рөл ойнады деп ойлаймын.

Фото: Қайрат ФК
Фото: Қайрат ФК

«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Реалдан» (0:5) жеңілген матчтан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл ойында физикалық дайындық та рөл ойнады деп ойлаймын. Бірақ бізге ең жетіспейтіні — халықаралық тәжірибе. Себебі біз мұндай деңгейдегі қарсыластарға қарсы көп ойнамаймыз. Сондықтан осындай мықты клубтармен бәсекеге түскенде, дәл осы тәжірибенің жоқтығы қатты сезіледі», – деді Сатпаев.

Еске сала кетейік, «Қайрат» негізгі кезеңдегі алғашқы ойында да ірі есеппен жеңілген болатын: Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері сырт алаңда португалиялық «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген. Алматы клубы келесі ойынын 21 қазанда өз алаңында өткізеді. Бұл жолы қарсылас — Кипрдің «Пафосы».

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 6
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары