30.09.2025, 22:30

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: алғашқы минуттан кімдер алаңға шығады

Фото: Pixabay.com

Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді.

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Испанияның «Реал Мадрид» (Испания) командаларының алғашқы минуттан шығатын негізгі құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Қайрат»: Шерхан Қалмырза​ (Қ) — Луиш Мата, ​Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Еркін Тапалов — Офри Арад, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, Валерий Громыко — Жоржиньо, Дастан Сәтпаев;

Қосалқы құрам: Диас Реймов (Қ), Бахтияр Алдашев (Қ) — Лев Кургин, Александр Широбоков — Әдәлет Садыбеков, Олжас Байбек, Юг Станоев, Гиорги Зария — Эдмилсон, Рикардиньо; «Реал Мадрид»: Тибо Куртуа (Қ) — Фран Гарсия, Дэвид Алаба, Дин Хейсен​, Рауль Асенсио — Орельен Чуамени, Дани Себальос, Арда Гюлер — Винисиус Жуниор, Франко Мастантуоно, Килиан Мбаппе;

Қосалқы құрам: Андрей Лунин (В), Хавьер Наварро (В) — Альваро Каррерас, Давид Хименес — Федерико Вальверде​, Эдуардо Камавинга, Джуд Беллингем, Родриго, Гонсало — Браим Диас, Эндрик;

Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца. Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді. Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Еліміздің атынан турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.