$ 548.79  643.02  6.63

«Есімі – Жеңіс болсын!»: Футболшы Асхат Тағыберген төртінші рет әке атанды (ВИДЕО)

Бұл сүйінші хабар Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасында жарияланды. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Футболшы Асхат Тағыберген төртінші рет әке атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл сүйінші хабар Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасында жарияланды. 

"Футболшы Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, «Тобылдың» қазіргі ойыншысы үшін бұл сәт – әкелік бақыттың тағы бір шуағы. Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары бұл қуанышты жақсылыққа балап, құттықтау тілектерін жазып жатыр. 

"Күшті, "Қайрат" пен "Реалдың" матчына сәйкес болыпты", "Есімін Жеңіс қояйық", "Бауы берік болсын!", "Тарихи күндегі қуаншыты хабар", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары