$ 548.79  643.02  6.63

Тағы бір әлем чемпионына су жаңа көлік кілті табысталды

Бапкері Дастан Қабденовке 3 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат берілді.

Фото: СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында бокстан әлем чемпионы атанған Наталья Богдановаға арнайы құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Іс-шара барысында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов спортшыны тарихи жетістігімен құттықтап, оның бапкері Дастан Қабденовке кәсібилігі мен еңбегі үшін алғыс білдірді.

"Натальяның таланты мен табандылығы, сондай-ақ жаттықтырушысының кәсібилігі арқасында еліміздің көк байрағы тағы да халықаралық аренада желбіреді. Бұл жеңіс – жас спортшыларға үлгі әрі өңірде бұқаралық спорттың дамуына серпін береді. Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай жеңіс күтіп тұр", – деді облыс әкімі.

Әлем чемпионына су жаңа автокөлік кілті табысталды. Ал бапкері Дастан Қабденовке 3 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат берілді.

Айта кетейік, 70 келі салмақта өнер көрсететін Наталья Богданова Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол – облыс тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары