$ 548.79  643.02  6.63

«Реал Мадрид» «Қайратпен» ойын алдында УЕФА-ға шағым түсіріп үлгерді

Хатта алаңдағы шөптің биіктігі 25 миллиметрден аспауы тиіс екені көрсетілген.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Алматыда «Қайратпен» кездесетін «Реал Мадрид» клубы УЕФА-ға ресми хат жолдап, ерекше өтініш білдірген. Бұл туралы Diario Madridista хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Испандықтар Орталық стадиондағы газонды қайта қырқуды сұраған. Хатта алаңдағы шөптің биіктігі 25 миллиметрден аспауы тиіс екені көрсетілген. Алайда УЕФА бұл өтінішті қабылдамаған. Себебі ережеге сәйкес, газон биіктігі 30 миллиметрден аспаса, талап толық сақталған болып есептеледі. Сондықтан алаң иелері – «Қайрат» өз шешімінде қалады.

Айта кетейік, «Реал» ойыншылары әдетте 20–22 миллиметрлік газонда өнер көрсетуге үйренген. Соңғы жылдары олардың кездестірген ең биік газоны — «Хетафенің» алаңындағы 27 миллиметр болған. УЕФА шешіміне сай, алаңды қайта қырқу міндеттелмейді. Демек, «Қайрат» футболшылары мадридтік клубты дәл қазіргі жағдайдағы газонда қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары