30.09.2025, 02:30

«Мбаппе футболкасын сыйға тартты»: Реал ойыншылары ерекше баланың арманын орындады (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Жүректі жібітіп, көзге жас үйіріледі екен.

«Реал» футболшылары «Қайратпен» матч алдында қазақстандық ерекше бала Санжардың арманын орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада испандық алпауыттың жұлдызды ойыншылары ойын алдындағы жаттығу кезінде Санжарды жан-жағынан қолдап, ерекше көңіл бөлгені көрсетілген.

Футболшылар, өздерінің бапкері Хаби Алонсоның бастауымен, Санжармен суретке түсіп, оған қолтаңбаларын қалдырды.