28.09.2025, 18:30

«Жұлдыздар келе жатыр!»: «Реал Мадрид» клубы Қазақстанға жолға шықты

Фото: Instagram/k.mbappe

Алматы қаласына бүгін түнгі 00:50-де жетеді.

УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы «Қайрат» пен «Реал» матчына қатысатын мадридтік клуб ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тізімде Тибо Куртуа, Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Федерико Вальверде, Арда Гюлер, Гоес Родриго, Джуд Беллингем сияқты жігіттер бар.

«Реал» командасының ойыншылары жаңа ғана жолға шықты және Алматы қаласына бүгін түнгі 00:50-де жетеді.

Ал, көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген мачтың өзі 30-қыркүйек күні Алматыдағы орталық стадионда өтеді. Басталуы – 21:45.