$ 544.26  634.72  6.52

Динара Сәдуақасова «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер.

Фото: instagram.com/dinara.saduakassova
Фото: instagram.com/dinara.saduakassova

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев шахматтан халықаралық гроссмейстер, еліміздің бірнеше дүркін әрі абсолютті чемпионы Динара Сәдуақасоваға "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағын табыс етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Спортшыға "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы 2022 жылы Алматыда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін берілді", делінген құзырлы министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылы Алматыда өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарының қола медаль иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары