22.09.2025, 16:40

«Қатты көкке көтермейік»: Шерхан Қалмұрзаның анасы үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Айта кетейік, осыған дейін Шерханға қолдау көрсеткен анасының жазбасы желіде кеңінен тараған еді. 

"Қайрат" футбол клубының талантты қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер баласын қатты көкке көтермеуге шақырды.

Баршаңызға қайырлы кеш! Барлығыңыздың ақ тілектеріңіз бен ниеттеріңізді қабыл етіп жатырмын. Бірақ маған ренжімеңіздерші. Ұлым сияқты кешірім сұраймын, жауап беріп үлгермей жатырмын. Барлық нәрсе Алланың қалауымен болып жатыр. Қанша арман, дұға-тілек, төзім, сынақ бар дегендей тек өз ниетімізге сендік. Ұлым, ата-анам, мен сіздердің ақ-тілектеріңізді оқып жүрегім разы болып жатыр. Рақмет сіздерге. Қатты көкке көтермейік, барлығы Құдайдың қалауымен, - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін Шерханға қолдау көрсеткен анасының жазбасы желіде кеңінен тараған еді. 

Тегтер: спорт футбол