$ 541.19  636.44  6.49

16 жастағы Ұлболсын Елмұрат армрестлингтен әлем чемпионы атанды

13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебранованы жеңіп, сенсация жасады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысындағы Шардараның тумасы Ұлболсын Елмурат Болгарияда өткен жарыста 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын қапы қалдырып, алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалда ол армрестлингтің аңызға айналған спортшысы, 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебранованы жеңіп, сенсация жасады.

Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы үшін тағы бір тарихи жетістік тіркелді: бір отбасының үш ұлы да әлем чемпионы атанды. 14 жастағы Бекнур, 15 жастағы Азамат және 18 жастағы Адилет Ибрагим өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Counter-Strike бойынша өткен FISSURE Playground 2 турнирінде үздік ойыншы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары