$ 541.19  636.44  6.49

Танымал КВН жұлдызы «Астана» футбол клубының басшылық қызметіне тағайындалды

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды

Фото: malik_khassenov в Instagram
Фото: malik_khassenov в Instagram

Елорданың «Астана» футбол клубының директорлар кеңесінде өзгерістер болды. Ибрагим Ақдрашевтің орнына директорлар кеңесінің мүшесі болып Малик Хасенов тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Малик Темірғалиұлы бұқаралық іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында үлкен тәжірибеге ие. Ол 2019 жылы Астанада өткенхоккейден әлем чемпионатын өткізу штабына жетекшілік еткен, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласының футбол федерациясының президенті қызметін атқарған. Еңбегі үшін мемлекеттік „Ерен еңбегі үшін“ наградасымен марапатталған», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Малик Хасенов көпшілікке ең алдымен «Казахи» КВН командасындағы өнерімен кеңінен танылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары