16.09.2025, 14:00

Нариман Құрбанов халықаралық турнирде чемпион атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикамен бес жасынан бастап айналысады.

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан 2025 жылғы FIG World Challenge Cup турнирінде ат снарядындағы жаттығуда алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық гимнаст 15.066 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Армения спортшысы Гамлет Манукян иеленді (14.800). Ал үздік үштікті италиялық Габриэль Таргетта түйіндеді (14.733).

Нариман Құрбанов 1997 жылы дүниеге келген. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болды. 2023, 2024, 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды.

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикамен бес жасынан бастап айналысады. Алғашқы бапкері өзінің әкесі болған.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол финалда 15,433 ұпай жинады. Нәтижесінде екінші орыннан көрінді.