16.09.2025, 12:40

Жеңіс туын желбіреткен чемпиондарымыз елге оралды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл додада қазақстандық боксшылар тарихи жетістікке қол жеткізді.

Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында топ жарған Қазақстанның ұлттық бокс құрамасы елге оралды. Ерлер командасын Астана халықаралық әуежайында, ал әйелдер құрамасын Алматыда жанкүйерлер, ата-аналар мен жақындары ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл додада қазақстандық боксшылар тарихи жетістікке қол жеткізді. Құрама 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Жанкүйерлер спортшыларды зор мақтанышпен қарсы алып, олардың жеңісі ел абыройын асқақтатқанын атап өтті.