15.09.2025, 02:26

Алтын жауған түн! Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды

Фото: ҚБФ

Осылайша Айбек ел құрамасына жетінші алтын медальды салды.

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Айбек Оралбай (90 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта Айбек қарсыласына есе жіберсе, шешуші раундта қарсыласын қапы қалдырды.

Осылайша Айбек ел құрамасына жетінші алтын медальды салды.