Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.
Даңқты боксшы Геннадий Головкин бокстан Ливерпульде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтқан Виктория Графееваны жұбатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.
"ӘЛІ ЧЕМПИОН БОЛАСЫҢ! Даңқты боксшымыз Геннадий Головкин жартылай финалда есе жіберген Виктория Графееваға қолдау танытып, мотивациялық сөздерін айтты…", - деп мәлімдеді журналист желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары бұл көріністен ерекше әсер алып, түрлі пікір жазды.
"Қандай жып-жылы көрінс", "Гена аңыз адам", "Генабай біздің боксты алға сүйрейді, жаны ашитыны көрініп тұр", деді олар.
Айта кетейік, Отандасымыз жартылай финалда бразилиялық Ребека Де Лима Сантосқа есе жіберді.