12.09.2025, 21:30

Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

Фото: ҰОК / Сали Сабиров

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай әлем біріншілігінің ширек финалында үндістандық боксшы Джадумани Сингх Мандегбаммен жұдырықтасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Аса жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз бұл кездесуде айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, жартылай финал жолдамасын иеленді. Осылайша әлемдік додада жүлдеге қол жеткізген боксшыларымыздың саны 10-ға жетті. 

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.