11.09.2025, 02:30

«Ағасының ізімен»: Төрехан Сабырхан да жартылай финалға жолдама алды

Фото: KBF media

Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

70 келіге дейінгі салмақта ол француз Макан Траормен кездесіп, алғашқы раундты 3:2 есебімен өз пайдасына жазды. Екінші кезеңде Сабырхан қарсыласынан айқын басым түсті – 5:0. Үшінші раундта да қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдетпей, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

Осылайша, Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.

Айта кетейік, ол Азия құрлығының тарихында төрт мәрте жасөспірімдер мен жастар чемпионатында алтын алған жалғыз боксшы болып саналады.