08.09.2025, 17:40

«Дұғада болыңыздар!»: Назым Қызайбай жанкүйерлеріне жазба арнады

Фото: ©instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Спортшы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қолдау сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Спортшы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

«Баршаңызға сәлем! Жаттығумыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4 ші күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Ливерпуль қаласында 4-14 қыркүйек аралығында бокстан жылдың басты бәсекесі, ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.