$ 537.34  623.05  6.65

«Мұндайға жол беруге болмайды»: Ұлан Қонысбаев «Қайраттың» бапкерін сынап тастады

Ол «Селтикке» қарсы ойында «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің шешімін сынға алды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы ойында «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің шешімін сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Уразбахтин мырзаны құрметтеймін әрі кәсібилігін жоғары бағалаймын, бірақ ол кісі, Дастан Сәтпаевтың ескертуі барын біле тұра, ойынның соңғы минуттарында командадағы үздік футболшылардың бірін ауыстырмады. Енді ол тарихи маңызы бар қарымта матчта ұжымға көмектесе алмайды. Мұндайға жол беруге болмайды!» – деп жазды Қонысбаев Instagram желісіндегі сторисінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары