Мен тек сүйген ісіммен айналыстым.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өзіне жасалған қысым туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Сенім. Еңбек. Мінез.
Бір кездері кішкентай Сабина жаттығу залына жаяу баратын. Өйткені, автобустар жанынан тоқтамай өте шығатын.
Мен әрқашан жаттығуға ерте келіп, ең соңынан шығатынмын. Маған «қажеті жоқ, қолыңнан келмейді, көрдің бе, сенің добың тіпті торға да жетпейді» дейтін. Бірақ мен егер табанды еңбек етсем, мақсатыма міндетті түрде жететініме нық сендім.
Жолымда жаман пиғылды, қызғанышпен қарайтын адамдар көп кездесті. Мүмкін, сондықтан да Жаратушы менің еңбегімді, талпынысымды көріп, маған ерекше мүмкіндік сыйлады. Сол сәттен бастап қысым да, қызғаныш та артты, бірақ қолдаушылар да көбейді. Біреулер менің еңбегімді жоққа шығарып, өз эгосын биіктету үшін барын салды. Ал басқалары ақылға салып, ештеңе жәйдан-жәй болмайтынын түсінді.
Мені ешқашан ақша, мәртебе немесе атақ қызықтырған емес. Мен тек сүйген ісіммен айналыстым.
Маған ешкім сенген жоқ, бірақ өзіме сеніп, алға жүре бердім. Жол бойындағы басқа нәрселер мені қызықтырмайды да, мазаламайды да.
Нәтижесінде шетелдік клубтардан тиімді келісімшарттар алдым. Кей командаларда капитандық қызмет те атқардым. Әдетте спорт әлемінде шетелден келген спортшыға капитандықты сеніп тапсыра бермейді. Бірақ өмірде мүмкін еместің өзі мүмкін. Біреулер мұны тек “сәттілік” деп ойлайтын шығар, мейлі, бірақ мен үшін өз жолымнан таймай, мақсаттарыма сенімді қадам басып келемін. Өйткені рухы мықты адам ешқашан қиындық пен сынақтан қорықпайды”, — деп жазды ол.