$ 540.87  632.01  6.76

Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Қазақ еліне рахмет айтамын.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) аралас жекпе-жектен өткен Octagon 77 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еркебұлан Тоқтар аралық салмақта ирандық спортшы Фарзад Гадеримен (18-15) кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас екінші раундта аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын соңғы секундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар өзінің кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді. Ал ирандық файтер Гадери 16-шы рет жеңіліс тапты.

Еркебұлан Тоқтар BMF белбеуінің иегері және қазіргі таңда қатарынан алты жеңіс сериясын жалғастырып келеді.

Айта кетейік, спорттан тыс өмірінде ол актер ретінде де танымал.

Жақында спортшы АҚШ-қа барып келген. Сол жерде біраз дайындық жүргізген.

«Қазақ еліне рахмет айтамын. Америкадан не үйреніп келді деген шығарсыңдар? Ортаға шығудың өзін гүл қылып жібердім. Хейтерлерім бір шелек су алып келіңдер дегенмін. Ашып жатқан жерлеріңе соны шашыңдар», - дейді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары