15.08.2025, 12:00

Қазақ футболшысы Иракқа кетейін деп жатыр

Фото: ҚФФ

Жақында ғана футболшының Түркияның «Адана Демирспор» клубымен келісімшарт мерзімі аяқталған еді.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ирак чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Жақында ғана футболшының Түркияның «Адана Демирспор» клубымен келісімшарт мерзімі аяқталған еді. Қазір ол еркін агент мәртебесінде.

Legalbet.kz дерегінше, түрік агенттері Айымбетовтің ресми өкілі Траян Гергишанға хабарласып, футболшының Ирак клубына ауысу мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Ирактың «Эрбиль» клубы Өзбекстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Шерзод Темировты, ал «Багдад Аманат» клубы өзбек жартылай қорғаушысы Бахтиёр Косимовты қатарына қосқан еді.

Еске салсақ, Түркиядағы маусым аяқталған соң, 28 жастағы форвард еркін агент атанды. Қазақстан клубтарынан қызығушылық болғанына қарамастан, Абат мансабын шетелде жалғастыруға ниетті.