64 келідегі Маратбек Рахметоллин шешуші сында 7 дүркін әлем чемпионы, бейтарап спортшы Шейх- Мансур Хабибуллаға есе жіберіп، күміс жүлдені қанағат тұтты.
Жауынгерлік самбодан Маратбек Рахметоллин XII Дүниежүзілік ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында жауынгерлік самбодан сайыстар өз мәресіне жетіп, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
64 келідегі Маратбек Рахметоллин шешуші сында 7 дүркін әлем чемпионы, бейтарап спортшы Шейх- Мансур Хабибуллаға есе жіберіп، күміс жүлдені қанағат тұтты.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
½ финал. Саяқ Бараканов (қазір чемпионатының 3 мәрте жүлдегері) — 4:2
¼ финал. Лукас Борегалес — ауырту әдісі.
Сонымен бірге، Қазақстанның ерлер құрамасы мен әйелдер құрама командасы — XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан ерлер құрамасы финалда Украинамен жолығып, 0:2 есебімен жол берді. Ал، әйелдер құрамасы финалда Өзбекстанмен кездесіп، 0:3 есебімен ұтылды.
Осылайша, 32 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына қайта енген жауынгерлік самбодан жерлестеріміз 1 алтын, 3 күміс медальмен аяқтады.